×

Түркістан облысында туысы 17 жасар қызды сегіз ай бойы зорлап, тәнін саудалаған

Бопсалау арқылы бейтаныс еркектерге жыныстық қызмет көрсетуге итермелеген

Түркістан облысында туысы 17 жасар қызды сегіз ай бойы зорлап, тәнін саудалаған
Сурет: vesma.today

Түркістан облысында 17 жастағы қызды сегіз ай бойы зорлап, тәнін саудалаған ер адам жәбірленушінің туысы болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz Информбюро31 арнасына сілтеме жасап.

Бұл жайлы зәбір көрген бойжеткеннің өзі айтқан. Сөзіне сенсек, 45 жастағы ауылдасы оны шешіндіріп, видеоға түсіріп, кейін сол бейнежазбамен бопсалаған. Кейін ақша үшін 11 адаммен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Енді жәбірленуші ар-намысын таптағандардың түгел жазаланып, бұл сұмдықты ұйымдастырған күдіктінің өмір бойына сотталғанын талап етеді.

Естіген адамның жағасын ұстататын оқиға Түркістан облысының Мақтарал ауданында өткен жылдың тамызында болған. Аты-жөнін айтуды қаламаған 17 жастағы қыз сол күні Жетісайға бару үшін 45 жастағы алыс туысының көлігіне отырады. Айтуынша, жүргізуші бойжеткенге жақын танығаным үшін көлік айдауды 2 мың теңгеге үйретемін деп алдаған. Сол күні кешке уәдесін орындайды. Бірақ келесі күні шыққанда ол көзден таса жердегі егістікке апарып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген.

«Мен машинадан шығып бара жатқан кезде ол кісі қолымнан ұстай алмай қалып, шашымнан тартып көліктің ішіне қайта кіргізді. Сосын төрт есігін де құлыптап, өзінің арам ойын іске асырды. Мені ұрып, зорлады. Сол жерде ол кісі видеоға да түсіріп алды», – дейді бойжеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, ер адам содан кейін «тіс жарсаң жер жастандырамын, жалаңаш видеоңды елге жайып абыройыңды айрандай төгемін» деп қорқытыпты. Содан арам ойын келесі күндері де қайталап, бір айдан соң бопсалау арқылы бейтаныс еркектерге жыныстық қызмет көрсетуге итермелеп, ақша табуға көшті дейді. Осылайша жас қызды қара жұмысшылардың құшағына итермелеген екен.

«Бір кісіге 3-4, тіпті 5-6 рет деген сияқты. Қанша қарызы бар, сол қарызын өтегенше пайдаланды. Мен оларға да жалындым. Жіберуін сұрадым. Олар «Мен сені сатып алғанмын, мен не айтсам, соны істейсің» деп айтатын», – дейді жәбірленуші.

Бойжеткен бұл сұмдықты айтудан қатты қорыққан. Мұны жақсы білген 45 жастағы танысы еш уайымсыз үйге келіп, алып кетіп жүрген. Бірақ 8 айдан соң қыз қарсылық көрсеткенде, әлгі ер адам жалаңаш видеосын ауылға таратып жіберіпті. 

Адам шошырлық жайтты жәбірленушінің отбасы сонда ғана білген. Арызданған. Бірақ түптің түбінде полиция тек бір адамды ғана ұстаған. Оның өзінде тек видео таратқаны үшін ғана жауапқа тартпақ.

Түркістан облысы полициясының хабарлауынша, зорлау фактісі анықталмапты. Бірақ жәбірленуші бүгінде адвокаттар арқылы барлық 12 адамның жазалануына қол жеткізбек. Енді бас прокуратураға шағым жолдайтынын жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Теміржол апаты: ШҚО-да пойыз екі әйелді басып кетті
Кеше, 15:31

Теміржол апаты: ШҚО-да пойыз екі әйелді басып кетті

Бұл деректі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады    
Дәрігерлер үшінші баланың жағдайы да ауыр деп отыр. 
Сот үкімі шыққаннан кейін бұған дейін журналистерге түрін түсіруге тыйым салған Жиенбай Пралиев аяқ астынан сұрақтарға ашық жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →