×

«Жақ сүйегіме ота жасалды»: күйеуінен зорлық көрген алматылық келіншек президенттен көмек сұрады

Алматылық тұрғын Дильбар Тимурова бұрынғы күйеуінің шабуылы жайлы айтып берді

«Жақ сүйегіме ота жасалды»: күйеуінен зорлық көрген алматылық келіншек президенттен көмек сұрады
скриншот

Дильбардың сөзінше, соққыдан кейін бірнеше рет ота жасатуға тура келген. Ауыр жарақат алғанына қарамастан, құқық қорғау органдары үш апта бойы ешқандай шара қабылдамаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2025 жылдың 28 тамызында мені үш жыл бұрын ажырасып кеткен бұрынғы жұбайым – Тимуров Нурадин Асанұлы ұрып-соқты. Бізде некеден кәмелетке толмаған екі баламыз бар. Ол мені мүгедек қылып қойды, жақ сүйегімді қалпына келтіру үшін бірнеше ота жасалды. Ауруханада жаттым, дұрыс тамақтана да, сөйлей де алмадым. Ең сорақысы – полиция тарапынан үш апта бойы ешқандай әрекет болмады. Егер уақытылы шара қолданғанда, мен көмек сұрап жүгінбес едім», – дейді жәбірленуші үндеуінде.

Тимурованың айтуынша, бұрынғы күйеуі «жеткілікті деңгейде ауқатты отбасынан» шыққандықтан, істі «жабуға» тырысқан болуы мүмкін. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тікелей үн қатып, «заңның бүкіл қатаңдығымен жазалауды» талап етті.

«Ол жеткілікті ауқатты отбасынан шыққан. Істі жасырып қалды немесе біреу пара алып, зорлық-зомбылық фактісін бүркемеледі деп ойлаймын. Менің екі кішкентай балам бар. Сіздер қашан әрекет етесіздер? Әлде менің өлуім керек пе еді?» – деп жазды жәбірленуші.

Тимурованың бұл үндеуін әлеуметтік желіде «Не молчи, KZ» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі жариялады. Постқа пікірінде құқық қорғаушы қазіргі қолданыстағы заңдар іс жүзінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғай алмайтынын айтып, қоғамды үн қосуға шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →