×

Шымкентте мешіт өртенді

Шымкентте мешіт өртенді
скриншот

Шымкент қаласында құтқарушылар мешітте шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды қалалық ТЖД, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 18 қыркүйек күні Әл-Фараби ауданындағы Б. Саттарханов көшесінде болған. Қаланың төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, «112» пультіне мешіттің шатырынан өрт шыққаны туралы қоңырау түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер шатырдың ағаш конструкцияларын ашып, өрттің ошағын дер кезінде ауыздықтады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырды.

Айта кетейік, бір апта бұрын да Шымкенттегі К. Әділбеков көшесінде орналасқан мешіттің шатырында өрт шыққан еді. Ол кезде де құтқарушылар дереу жетіп, төтенше жағдайдың алдын алған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →