×

Алматы облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды

Қайғылы оқиғаның кадрлары 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды.

Алматы облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды
Pixabay.com

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиғаның кадрлары 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды. Бейнежазбада 29 қыркүйек күні болған апаттың салдары көрсетілген: соққыдан темір-терсегі шытынап, танылмай қалған көліктер жол бойында шашылып жатыр, маңайда қаза тапқандардың денелері көрінеді.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Алматы – Бішкек автожолының 107-шақырымында болған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала деректерге сүйенсек, Lexus автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Салдарынан сегіз адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда апаттың мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, – делінген полицияның түсініктемесінде.

Сонымен қатар полиция жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға және жолда аса мұқият болуға шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанай облысында ер адам әйелі мен ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
Бүгін, 09:46

Қостанай облысында ер адам әйелі мен ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Күдікті Әулиекөл ауданында «ізін суытпай» қолға түсті.
Кеосаян 2008 жылы инфаркт жағдайында ауруханаға түсіп, жүрегіне ота жасаған болатын
Құралбаевтар отбасы істің әділ қаралуын және барлық кінәлілердің толық жауапқа тартылуын талап етуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →