×

Батыс Қазақстан облысында дрон жарылды: Қорғаныс министрлігі бақылауды күшейтті

Батыс Қазақстан облысында дрон жарылды: Қорғаныс министрлігі бақылауды күшейтті
infrom.kz

Бүгін таңертең Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына қарасты Қызылтал ауылы маңында дрон жарылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қорғаныс министрлігі оқиғаны растады. Ведомствоның мәліметінше, дрон сынықтары елді мекеннен қашық жерден табылған.

«Зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ. Қазір Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, дронның шығу тегі мен жарылыстың себептерін анықтап жатыр. Бұл құрылғының кімге тиесілі екенін нақтылау үшін шетелдік серіктестермен кеңес жүргізіліп жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар министрлік елдің әуе кеңістігіне бақылау күшейтілгенін және рұқсатсыз ұшатын нысандардың мемлекеттік шекарадан өтуіне жол бермеу шаралары қабылданып жатқанын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы бес адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді
Олар хабарламалары арқылы араларындағы қарым-қатынасты талқылап, түрлі тақырыпта сөйлескен
Әйел ауруханаға жете алмай, жолда қайтыс болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →