×

Семейде үш студент жол апатынан қаза тапты

Қаза тапқандардың есімдері анықталды

Семейде үш студент жол апатынан қаза тапты
Коллаж Qaz365.kz

Абай облысында болған ірі жол-көлік апаты салдарынан Әлихан Бөкейхан университетінің үш студенті көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиға 2 қараша күні таңғы сағат 05:45 шамасында Омбы – Майқапшағай тас жолында тіркелді. Полиция мәліметінше, Toyota Avensis көлігі Howa жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Олардың барлығы – Әлихан Бөкейхан университетінің студенттері болған.

Қаза тапқандардың есімдері анықталды: Заң факультетінің студенттері Тұрарбеков Нұрмағамбет Бауыржанұлы мен Оңдабай Рефхат Серікжанұлы, сондай-ақ Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенті Абдималиков Рустамбек Нұрмұродұлы.

Университет ұжымы студенттердің қазасына байланысты ресми мәлімдеме таратты.

«Әлихан Бөкейхан университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары атынан қаза тапқан студенттердің ата-аналары мен туған-туыстарына, жақындары мен достарына қайғырып көңіл айтамыз. Қыршыннан қиылған өрімдей жастарымыздың қазасы баршамызға ауыр соққы болды. Білім биігі мен спорт белестерін бағындыра жүріп, үлкен мақсаттарға ұмтылған жас өрендеріміздің жарқын жүздері мен асқақ армандары мәңгі жадымызда қалады. Марқұмдардың иманы саламат, жандары жәннатта болсын», – делінген университеттің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →