×

Семейде жоғалып кеткен 11 жасар қыз аман-есен табылды

Семейде жоғалып кеткен 11 жасар қыз аман-есен табылды
Абай облысы ПД

Семей қаласында жоғалып кеткен 11 жастағы Саяна есімді қыз аман-есен табылды. Бұл туралы қала полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сағат 18:30 шамасында «102» арнасына мектеп оқушысының сабақтан кейін үйіне оралмағаны туралы хабар түскен. Іздеу жұмыстарына бірден қала полициясының барлық бөлімшелері жұмылдырылды.

Бейнебақылау камералары мен тұрғындардың көмегі арқылы қыздың әртүрлі көшелерде жүргені анықталған. Нәтижесінде жергілікті тұрғын Фариза есімді азаматшаның қырағылығының арқасында Саяна табылып, ата-анасына аман-есен жеткізілді.

Семей қалалық полиция басқармасының бастығы Қайрат Абдығалиев азаматтық белсенділік танытқан Фаризаға алғысын білдіріп, мұндай жағдайларда тұрғындар мен тәртіп сақшыларының өзара сенімінің маңызы зор екенін атап өтті.

Іздестіру жұмыстарына 200-ден астам полицей қатысқан. Қыздың ата-анасы мен туыстары полиция қызметкерлеріне және Фаризаға шынайы ризашылықтарын жеткізді.

Жақын күндері полиция басқармасы Фаризаға алғыс хат тапсырып, азаматтық жауапкершілігі мен батылдығын атап өтпек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →