×

Түркістан облысында атыс болып, бір адам қаза тапты

Тағы үш адам жарақат алды

Түркістан облысында атыс болып, бір адам қаза тапты
Ашық дереккөзден

Түркістан облысының Түлкібас ауданында болған қарулы жанжал бір адамның өлімімен аяқталды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2 қарашаға қараған түні болған. Аудан аумағында атыс қаруы қолданылған оқиға тіркеліп, салдарынан бір адам көз жұмған. Тағы үш тұрғын түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілген, оларға тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға орнына Түлкібас аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу жеткен.

«Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілердің жеке тұлғасы қысқа мерзімде анықталды. Олардың бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау және екінші күдіктіні іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Түркістан облысы полиция департаменті басшылығы істің тергелу барысын өз бақылауына алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →