×

Ақын Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті

Ақын Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті
instagram.com/aigerim.abzhan

Белгілі ақын, халық жазушысы Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаралы хабарды «Жалын» журналының бас редакторы Құдияр Біләл таратты.

«Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!» – деп жазды ол.

Айта кетейік, 2021 жылы ақынның тағы бір ұлы – Рауан Шаханов, ал биылғы сәуірде бұрынғы жары Розалинда Шаханова қайтыс болған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →