×

Түркістанда 9-сынып оқушысын өлтірді деген күдікпен төрт жігіт қамауға алынды

Түркістанда 9-сынып оқушысын өлтірді деген күдікпен төрт жігіт қамауға алынды
Түркістан ПД

Түркістан қаласында 9-сынып оқушысының өліміне байланысты төрт жасөспірім қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қала мектептерінің бірінің оқушысы қайтыс болғаннан кейін тіркелген.

«Оқушының өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері күдіктіні және оқиға кезінде болған өзге тұлғаларды ізін суытпай ұстады», – делінген Түркістан облыстық ПД хабарламасында.

Белгілі болғандай, қаза тапқан Мейіржан Нұржанұлын құрдастары кешкі уақытта үйінен шақырып алып, моланың басына апарып соққыға жыққан. Олар жеткіншектің жүрек тұсынан жұдырықпен ұрып, кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

Баланы іздеген туыстары оның суыған денесін мола маңынан тапқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →