×

«Әділдік талап етеміз». Марқұм Арман Дүйсеновтің жұбайы президенттен көмек сұрады

Мойнынан сүйеп байлап кеткен жағдайда табылған.

«Әділдік талап етеміз». Марқұм Арман Дүйсеновтің жұбайы президенттен көмек сұрады
Әлеуметтік желі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сазгер Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы Алматы қаласы сотының шешіміне қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық арыз жолдап, әділдік сұрады. Бұл туралы мәлімдемені «TalkLike» бағдарламасында жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айсұлу Айданқызының айтуынша, 2024 жылдың 7 қазанында 21 жастағы ұлы Абылай Дүйсен отбасылық пәтерде екі қолы артына байланған күйі, мойнынан сүйеп байлап кеткен жағдайда табылған.

«Екі қолы артына байлаулы адамның өзіне қол жұмсауы мүмкін бе? Тергеу барысында көптеген дерек анықталды, бірақ нақты шешім әлі жоқ. Бостандық аудандық полициясы да нақты жауап бере алмады», – дейді ол.

Анасының айтуынша, тергеу барысында Абылайдың өліміне байланысты бірнеше материал тіркелгенімен, іс толық ашылмаған.

2025 жылдың 24 қазанында Бостандық аудандық соты Айсұлу Айданқызы мен оның 13 жастағы баласы, сондай-ақ 83 жастағы әкесін тұрып жатқан пәтерден шығаруға қаулы шығарған.

Айтуынша, пәтерге таласып отырған азамат Мұқаш Санжар тергеу кезінде бұл пәтерді сатып алмағанын, тек Абылайға қарыз ақша беріп, пәтерді кепіл ретінде алғанын мойындаған.

Бұл факт 2024 жылғы 15 қазан және 2025 жылғы 30 шілдедегі тергеу сотының қаулыларында көрсетілген.

 «Сот сатып алу-сату келісімшартын жарамсыз деп тануға тиіс еді. Ал ватсап жазбаларында Санжардың Абылайға 65 миллион теңгені өте жоғары пайызбен қарызға бергені анық көрінеді. Сот шешімі заңға қайшы», – деді Айсұлу Айданқызы.

Ол Президенттен істің әділ қаралуына ықпал етуді сұрап отыр:

 «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сот төрелігінің әділ болуына көмектесуіңізді өтінемін», – деп аяқтады марқұмның анасы.

Сондай-ақ Айсұлу Айданқызы күйеуінің өмірден өткен күні болған оқиғаларды да толық сипаттады.

Оның сөзінше, сол күні Калелхан Иманмәди телефон шалып, Арманның жағдайы нашар екенін айтып, зауытқа тез келуді сұраған.

 «Зауытқа жеткенде жедел-жәрдем тұр екен. Ұлыммен бірге екінші қабатқа көтерілдік. Арманның бетін жауып қойған. «Не болды?»” дегенімде, жүрегі тоқтап қалды деді. Арман ешқандай жертөледе қайтыс болмаған. Бұл – тіркелген дерек», – дейді ол.

Сондай-ақ ол зауыт аумағында студия болмағанын алға тартты:

«Арман бұл жерге не үшін келді? Бұл студия емес қой», – дегенімде, “Балалар таң намазына дәрет алған, Арман ағасының сапқа тұрмай диванда жатқанын көріпті. Оятқанда тұрмаған” деп жауап берді», – дейді сазгердің жары.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →