×

Алматыда компания басшысының өз қызметкерлерін соққыға жыққан видеосы жұрттың ашуын туғызды

Бейнежазбаларда ол қол астындағы адамдарға айқайлап, бірнеше рет бетінен ұрып жіберетіні көрінеді

Алматыда компания басшысының өз қызметкерлерін соққыға жыққан видеосы жұрттың ашуын туғызды
видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде ер адамның өз қызметкерлерін ұрып жатқан сәті бейнеленген видеолар тарады. Кадрлардағы адам GT Oil Service компаниясының директоры Жанат Сабдалиновқа ұқсайды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Egovpress-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбаларда ол қол астындағы адамдарға айқайлап, бірнеше рет бетінен ұрып жіберетіні көрінеді. Ал қызметкерлер қарсылық көрсетпей, тек шегіншкетеп тұрған.

Алғашқы видеолар қоғамда үлкен наразылық тудырып, желі қолданушылары Алматы қалалық полиция департаментінің араласуын талап етті. Осы талқылаулардан кейін тағы бір ұқсас видео жарияланып, онда да Сабдалиновқа ұқсайтын адам қызметкерлеріне күш қолданған.

Мұнан соң компания өкілдері полицияға шағым түсіріп, бұл түсірілімнің «пранк» болғанын, яғни алдын ала келісілген әзіл ретінде ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Алайда мұндай түсіндіруге көпшілік сенімсіздік танытты. Көптеген қолданушылар видеодағы қызметкерлердің қорыққан, шарасыз күйде екенін айтып, бұл әрекеттің шын мәнінде зорлық екенін алға тартты.

Egovpress редакциясы жаңа видео жарияланғаннан кейін Алматы полициясына тағы да ресми түрде жүгініп, барлық жағдайға құқықтық баға беруді және толық тексеріс жүргізуді сұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →