×

БҚО-да ірі жол апатынан 8 адам қаза тапты

Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді

БҚО-да ірі жол апатынан 8 адам қаза тапты
видеодан кадр

Батыс Қазақстан облысында болған жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам көз жұмды, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға «Чапай – Жаңақала – Сайқын» облыстық маңызы бар автожолдың 50-шақырымында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry және Volkswagen Sharan автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан көліктердің бірі өртеніп кеткен.

Жол апаты кезінде сегіз адам оқиға орнында қаза тауып, тағы төрт адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

«Алдын ала болжам бойынша, жүргізушілердің бірі қарсы бағытқа шығып кеткен. Ауа райы мен жол жағдайы қанағаттанарлық болған, қозғалысқа кедергі келтіретін факторлар болмаған», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тағы бір қалада ата-аналарды мектептерге шабуыл жасалады деген қауесет дүрліктірді
Бүгін, 10:23

Тағы бір қалада ата-аналарды мектептерге шабуыл жасалады деген қауесет дүрліктірді

Осындай мазмұндағы қауесеттер бұған дейін Ақтауда да тараған еді.
Өрт станцияға таралмай, дер кезінде тоқтатылды
Ол түн ішінде темекі тартуға шыққан 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →