×

Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар

Тоқаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында болған өрттен 12 адам, оның ішінде бірнеше бала мерт болды. Тағы үш адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиға ерте таңертең жеке екі қабатты тұрғын үйде болған. Куәгерлердің айтуынша, алдыңғы күні үй иелері шағын жиын өткізген, сол себепті үйде бірнеше қонақ түнеп қалған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 101 нөміріне таңғы сағаттарда түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үйдің түгелімен жалынға оранғанын анықтаған.

Құтқарушылар үш адамды ес-түссіз күйде үйден шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырған. Кейін ғимараттың ішінен 12 адамның мәйіті табылған.

Өрттің жалпы аумағы 360 шаршы метрді қамтыған. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен полицияның мамандары жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдігіне қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету және оқиғаның себебін жан-жақты тергеуді тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді
Осындай мазмұндағы қауесеттер бұған дейін Ақтауда да тараған еді.
Өрт станцияға таралмай, дер кезінде тоқтатылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →