×

Алғабастағы өрт: аман қалған үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

Алғабастағы өрт: аман қалған үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
unsplash

Түркістан облысында тоғыз бала мен үш ересектің өмірін жалмаған қайғылы өрттің мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі ересек және бір бала аман қалып, ауруханаға жеткізілген. Қазір олар жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.

«Дәрігерлер науқастардың өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр», – делінген басқарма хабарламасында.

Көршілердің айтуынша, өрт шыққан үйде алдыңғы күні отбасылық шара өткен, қонақтардың біразы түнеп қалған. Өрт тұтанғанда кейбірі сыртқа шығып үлгергенімен, басым бөлігі үй ішінде қалып қойған.

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері қаза тапқандардың арасында кішкентай балалар бар екенін растады. Маман­дар өрттің нақты себебін және оқиға қалай өрбігенін анықтап жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тоқаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді
Осындай мазмұндағы қауесеттер бұған дейін Ақтауда да тараған еді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →