×

Талғарда жасөспірімдер арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Қаза тапқан баланың құрдасы күдікті ретінде ұсталды

Талғарда жасөспірімдер арасындағы жанжал өліммен аяқталды
5region.kz

Алматы облысының Талғар қаласында жасөспірімдер арасындағы жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Төбелес кезінде бір жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша адам өліміне әкеп соққан дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Қаза тапқан баланың құрдасы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін сот шешімімен оның қамауға алынғаны белгілі болды.

«Талғар ауданының кәмелетке толмаған тұрғынына дене жарақатын салу фактісі тіркелді. Оқиға салдарынан жәбірленуші көз жұмды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соттың санкциясымен қамауға алу туралы шешім шығарылды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іс департамент басшылығының ерекше бақылауында. Тергеушілер жанжалдың себептері мен оқиғаның нақты қалай өрбігенін анықтап жатыр.

Оқиғаның өзге егжей-тегжейлері ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →