×

Түркістан облысында өрттен қаза тапқандардың алтауы жер қойнына тапсырылды

Қалған марқұмдарды жерлеу рәсімі алдағы күндері өтеді

Түркістан облысында өрттен қаза тапқандардың алтауы жер қойнына тапсырылды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында болған қайғылы өрттен қаза тапқандарды бүгін жергілікті жұрт соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаралы рәсім ауылдың зиратында өтті. Арнайы катафалктармен жеткізілген алты адамның денесі жер қойнына тапсырылды. Қалған марқұмдарды жерлеу рәсімі алдағы күндері өтеді.

Өрт 18 қараша күні таңертең болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде екі қабатты тұрғын үй толығымен жалынға оранған. Ішінде екі отбасы болған.

Құтқарушылар үш адамды ес-түссіз күйде сыртқа шығарып, дәрігерлерге тапсырған. Алайда үйдің ішінен 12 адамның мәйіті табылды.

Қаза тапқандардың арасында тоғыз бала және үш ересек адам бар.

Өрттен кейін облыста жергілікті деңгейде аза тұту күні жарияланды.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша полиция, прокуратура және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Тергеу жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →