Ер адамның айтуынша, ол мұғалім болып жұмыс істейді
Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында болған қайғылы оқиға бүкіл елді дүр сілкіндірді. Таңертең жеке тұрғын үйді шарпыған өрттен 12 адам қаза тапты, оның ішінде 9 бала бар. Көршілері қайғылы оқиғадан бір күн бұрын отбасының тойға болғанын жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz
«Кеше той болған жанұясында. өзі 3 ағайынды біреуі осында, екіншісі жолдың арғы бетінде, үшіншісі көрші ауылда тұрады. той жасаған бір бауыры осында қалған. осындай жағдай блоып отыр. Келіншек үйіме келді айқайлаған дауысы. мен жүгіріп шықтым. Әпке маған жәрдем беріңізші үй өртеніп жатыр деп. қып-қызыл от боп жанып жатыр екен ешкімді құтқара алмадық»,- дейді көршісі Қайырберген Божымбетов.
Ер адамның айтуынша, ол мұғалім болып жұмыс істейді. Оның сөзінше, таңертең шамамен 07:30-да жұмысқа бара жатып, қайғылы оқиға болған үйдің маңынан жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктерінің көп тұрғанын көрген.
«Маған өрт сымдардан шыққанын айтты, газ жарылғанын естіген жоқпын. Қазір жұмыстан қайтып келсем, тергеушілер мені өртенген үйге кіргізді. Ішке кірсем, үйден ештеңе қалмаған барлығы толықтай жанып кеткен», - деді көршісі.