×

«Нұрмұқасан» тобының жаңа орындаушысы өзін Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын айтты

Ғалымжанның мұрны мен қолы сынғаны хабарланды.

«Нұрмұқасан» тобының жаңа орындаушысы өзін Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын айтты
Коллаж Qaz365.kz

Ән әлемінде танымал «Нұр-Мұқасан» тобының төңірегінде үлкен жанжал шықты. Бұл туралы қоғам белсендісі әрі блогер Жан Ахмадиев жазды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ахмадиевтің айтуынша, топтың жаңа қатысушысы, әнші Ғалымжан өзін бұрынғы солист Мұқасан Шахзадаев және бірнеше адам жабылып соққыға жыққанын айтқан. Оның сөзінше, оқиға салдарынан Ғалымжан ауыр жарақат алған.

«Ол маған бірнеше адам ұрғанын, олардың ішінде Мұқасанның өзі де болғанын айтты. Қазір Ғалымжан кінәлілердің жазадан сытылып кетуінен қорқады», – деді Ахмадиев.

Ғалымжанның мұрны мен қолы сынғаны хабарланды.

Оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Алайда Мұқасан Шахзадаевтан немесе «Нұр-Мұқасан» тобының өкілдерінен ресми түсініктеме әлі берілген жоқ.

Qaz365.kz редакциясы Алматы қалалық полиция департаментіне ресми сауал жолдап, жауап күтуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →