×

Алматы облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

24 қараша кешке Алматы–Бішкек тас жолының 65-шақырымында болған ірі жол апаты салдарынан алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облыстық полиция департаментінің алдын ала ақпаратына сәйкес, 23 жастағы Audi көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы Toyota көлігімен соқтығысқан.

«Апат кезінде екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, алған жарақатынан көз жұмды. Сонымен қатар бес адам түрлі жарақат алып, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында», – делінген облыстық полицияның хабарламасында.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 2,5 мың адам жол апатынан қаза табады. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш баяу болса да өсіп келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әнші Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Кеше, 17:53

Әнші Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жанжал топ орындайтын әнге байланысты туған
Мұғалім әлеуметтік желіде Президентке үндеу жасады
Қыздың ата-анасы кінәлілердің заң алдында жауап беруін талап етіп отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →