×

Жетісу облысында ер адам пойыздың астына түсіп, жарақат алды

Жетісу облысында ер адам пойыздың астына түсіп, жарақат алды
ҚТЖ

Жетісу облысында Сарыөзек станциясы маңында ер адам қозғалыстағы пойыздың алдына шығып, жарақат алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 2025 жылдың 30 қарашасында сағат 14:56-да Дос – Сарыөзек аралығындағы теміржол учаскесінде болған.

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк пойызының машинисі сағатына 43 шақырым жылдамдықпен келе жатқанда жолда тұрған адамды байқап, дереу жедел тежеу жүйесін іске қосқан. Алайда ер адам дыбыстық ескертулерге қарамастан жолдан кетпей, рельстің үстінде тоқтап қалған.

Салдарынан ол аяқ жарақатын алған. Ол жедел түрде Сарыөзек станциясындағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға кезінде пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылып, пойыз 39 минутқа кешіккен.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы азаматтарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және теміржолды тек арнайы белгіленген өткелдерден кесіп өтуге шақырды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, ережені бұзу – теміржолдағы жазатайым оқиғалардың негізгі себебі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →