×

Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, 23 жастағы фельдшер қаза тапты

Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, 23 жастағы фельдшер қаза тапты

Алматыда жедел жәрдем көлігі жеңіл көлікпен соғысып, салдарынан 23 жастағы фельдшер қыз қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция мәліметінше, оқиға 3 желтоқсанға қараған түні сағат 00:40 шамасында Алатау ауданында болған.

Алдын ала деректер бойынша, жедел жәрдем көлігі бұрылыс жасап жатқан сәтте, қарсы бағытта келе жатқан Kia маркалы көлік соғылған.

«Соққының қатты болғаны соншалық, екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары түрлі жарақат алды. Ал жедел жәрдем салонында болған фельдшер ауыр халде ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады», – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің жол қозғалысы ережесін бұзу, адам өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша іс қозғалды.

«Барлық қажетті сараптама тағайындалды, апаттың нақты себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаменті.

Айта кетейік, бұл – соңғы уақытта фельдшер мамандардың қаза табуымен байланысты екінші қайғылы жағдай. Бұған дейін Астанада 23 жастағы жедел жәрдем қызметкері Ұлдана Мырзуан тұрғын үйдің қасбеті опырылған кезде мерт болған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →