×

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Алматыда жер сілкінісі сезілді
Zakon.kz

Алматыда 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12:45-те жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Зілзала ошағы Қытай аумағында, Алматыдан 277 км оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Магнитудасы – 6,7.

Алматыда жерасты дүмпуі 3 балл деңгейінде байқалды.

ТЖМ мәліметінше, зиян келді деген ақпарат жоқ, зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат нақтыланып жатыр.

Аймақтарда сезілу деңгейі

3 балл:
Алматы қ., Кеген, Райымбек, Еңбекшіқазақ (Есік), Талғар, Ұйғыр, Қарасай аудандары

2 балл:
Іле, Жамбыл, Жетіген, Қонаев, Балқаш аудандары;
Жетісу облысы – Талдықорған, Кербұлақ, Панфилов, Текелі, Көксу, Ескелді, Қаратал, Ақсу (Жансүгіров), Сарқанд;
Жамбыл облысы – Қордай, Шу, Меркі, Т.Рысқұлов аудандары

Алматылықтардың желідегі реакциясы

Желі қолданушылары дүмпуді анық сезгенін жазып жатыр:

  • «Алатау ауданында қатты сезілді, Алматы Арена жақ»

  • «Жаман сезілді, 7-қабатта тұрам»

  • «Боралдайда қатты болды»

  • «Қорқып кеттім»

  • «Өте қатты сезілді»

  • «Шаңырақтағы үйде болдым»

Мамандар тыныштық сақтап, ресми ақпаратты ғана пайдалануды сұрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →