×

Алматы облысындағы шекара заставасында әскери қызметші мен баласы өртте қаза тапты

Қызметтік үй өртенген

Алматы облысындағы шекара заставасында әскери қызметші мен баласы өртте қаза тапты
ТЖМ

Әскери қызметші мен оның баласы Алматы облысындағы шекара заставасында өртте қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағында қызметтік үй өртеніп, әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты.

"2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы" Нарынқол " шекара заставасының аумағында қызметтік үй өртенді. Өрт ТЖД күштерімен жойылды. Төтенше жағдай кезінде әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты. Шекара қызметі қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің хабарламасында.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →