×

Алматыда қойма өртенді

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Алматыда қойма өртенді
ТЖМ

Алматыда бір қабатты ангар типті қойма ғимараты өртенді, деп хабарлайды Qaz365.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“112 пультіне Алматы қаласының Жетісу ауданында жеке тұрған бір қабатты ангар типті қойма ғимаратында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнына 9 минутта жетті. Бірінші бөлімше жеткен кезде қойманы толығымен от шарпыған”, – делінген хабарламада.

Оқиға орнында ТЖД бастығының басшылығымен жедел штаб құрылды. Өртті сөндірудің төрт жауынгерлік учаскесі ұйымдастырылды. Нысан алдын ала электр желісінен ажыратылып, өртті сөндіру және жанында орналасқан ғимараттарды қорғау үшін өрт сөндіру стволдары берілді.

“Дереу жеткілікті күш пен құралдар тартылды. Өртті сөндіруге жедел қызметтер мен ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Барлық қатысушы бөлімшелердің жедел өзара әрекеттестігі қамтамасыз етілді. Жағдай ТЖМ-нің бақылауында. Жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін өрт орнынан бейне трансляция нақты уақыт режимінде ТЖМ ахуалдық орталығына шығарылған”, деп хабарлады төтеншеліктер.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында түнгі 02 сағат 31 минутта тілсіз жау ауыздықталып, көрші қоймаға таралуына жол бермеді. Ал 03 сағат 05 минутта өрт толығымен сөндірілді. 

Құтқарушылардың айтуынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →