×

Ақмола облысындағы жолда полицей қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты

Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр

Ақмола облысындағы жолда полицей қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты
Фото: Ақмола облысы полиция департаменті

Бүгін, 7 желтоқсан күні, Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару барысында патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Асанәлі Әскербеков жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

"Қайғылы оқиға Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерді қауіп туралы, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы туралы ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен. Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрам қаза тапқан полиция аға лейтенанты Асанәлі Асхатұлы Аскербековтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Департамент бұл факті бойынша жан-жақты және объективті тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →