11 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген
Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып, бес адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға 7 желтоқсанда сағат шамамен 8:40-та Самара – Шымкент тас жолының 1024-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған автобус Ұлғайсын елді мекенінің маңында жол жиегіне қарай аударылып кеткен.
Автобустың ішінде Пермь – Ташкент бағытымен келе жатқан 49 жолаушы болған. Апат орнында бес адам көз жұмды, тағы 11 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, қаза тапқандардың екеуі – өзбекстандық азамат.
Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.