×

Қарағанды облысында жүк пойызы төрт адамды басып кетті

Қарағанды облысында жүк пойызы төрт адамды басып кетті
ашық дереккөзден

Қарағанды облысында жүк пойызы төрт теміржол жұмысшысын қағып кетті. Оқиға 10 желтоқсан күні сағат 17:15 шамасында Шешенқара–Қаражаңғыл аралығындағы учаскеде болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының хабарлауынша, Сарышаған станциясының жол жөндеу бригадасы жоспарлы рельс ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол сәтте жүк пойызы келе жатқан. Машинист жедел тежеу қолданғанымен, апаттың алдын алу мүмкін болмаған.

Салдарынан төрт жұмысшы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған жағдай бойынша арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Комиссия оқиға орнына жедел жетіп, тергеу басталды. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы марқұмдардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – делінген компанияның хабарламасында.

Компания мәліметінше, қаза болғандардың отбасына қажетті қолдау көрсетіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →