×

Алматы – Өскемен тас жолында болған жол апатынан төрт адам қаза тапты

Тағы төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

Алматы – Өскемен тас жолында болған жол апатынан төрт адам қаза тапты
taldykorganec.insta_

Жетісу облысында боран кезінде Алматы – Өскемен тас жолында ірі жол апаты болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 10 желтоқсан күні сағат 14:15 шамасында тас жолдың 462-шақырымында болған. KIA және Toyota маркалы екі көлік соқтығысқан.

Алдын ала дерек бойынша, ауа райының күрт нашарлауына байланысты жолды боран басып, көктайғақ пайда болған. Көріну қашықтығы төмендеген сәтте KIA жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында қаза тапты, тағы төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жетісу облысының полиция департаменті ауа райы қолайсыз кезде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

«Мұндай жағдайда жол ережесін сәл ғана бұзу да ауыр салдарға әкелуі мүмкін», – деп ескерту жасады ПД.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →