×

Тахир Халимназаров марқұм Айзат Жұманованың бір қабырғасының сынғанын анықтады

Оның сөзінше, жарақаттың көбісін тірі кезінде алған

Тахир Халимназаров марқұм Айзат Жұманованың бір қабырғасының сынғанын анықтады
Фото: Qaz365.kz

Ақсу ауданы Баласаз ауылында қайтыс болған 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот отырысында жаңа мән-жайлар белгілі болды. Сарапшы Тахир Халимназаров келіп сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол қайта жасаған сараптамада Айзаттың бір қабырғасының сынғанын анықтаған.

«Бірінші қабырға өте жоғары тұрады. Ол өте сирек сынады. Сондықтан оны бірінші сараптама жасаған адамдар баймауы мүмкін. Бізге мәйіт сәл бұзылғанда, қабырғадан еті ажырай бастағанда келді. Сондықтан оңай таптық», – деді Тахир Халимназаров.

Оның сөзінше, жарақаттың көбісін тірі кезінде алған.

«Аяғында, қолында сырылған іздер бар. Ол енді өлгеннен кейін түскен жарақаттар деп есептедік. Өйткені тірі кезінде алатын жарақаттың көрсетпелері жоқ. Ешқандай қанталау және басқа өзгерістер жоқ», – деді Халимназаров.

Сарапшының сөзінше, Жұманованың өлімінің тікелей себебі – бас-ми жарақаты. Бірнеше рет сараптама жасағанда анализ солай көрсеткен.

«Оның бәрі дәлелденген. Мәйітті қазып алғаннан кейін ол енді табиғи шіріп кетеді ғой.  Бірақ сол бірінші сараптаманы зерттеп, тексеріп шыққаннан кейін сонымен келістік. Өлімнің себебі – бас миының ауыр жарақаты», – деді Тахир Халимназаров.

Сарапшы шүйдедегі жарақаттың құлағаннан да, соққыдан да болуы мүмкін екенін айтты.

«Басқа, бетке түскен бірнеше жарақаттың, сосын шүйде жағы сынған ғой, сол сынып бас сүйегінің асты жағына жарақат өтіп кеткен. Бұл соққылардың бәрі қатты доғал заттың соққысынан болған. Жарақат алған жерден үлкен затпен ұрған. Шектелген беті бар, жалпақ зат. Мұндай затқа өте көп зат келеді. Жұдырық та болуы мүмкін, аяқ та болуы мүмкін. Доғал беті кең заттың әсерінен», — деді Тахир Халимназаров.

Марқұмның жүктілігі бірінші сараптамада анықталмаған. Екінші сараптамада да анықтау мүмкін болмаған. Сарапшы жатырда ондай белгілер болмағанын айтты. «Атпен сүйреді» деген нұсқаны да жоққа шығарды.

Сот отырысы жайлы толығырақ материалымыздан оқи аласыздар.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →