22 желтоқсанға қараған түні Алматы тұрғындары әлсіз жер сілкінісін байқады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сейсмологтардың дерегінше, дүмпулердің сезілу күші 2 балдан аспаған. Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты жер сілкінісі 22 желтоқсан күні Астана уақытымен 02:16-да тіркелгенін хабарлады.
Жерасты дүмпулерінің ошағы Қытай аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары – 41,23 градус солтүстік ендік пен 78,87 градус шығыс бойлық. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,0, энергетикалық класы K=11,5 деп бағаланған.
Мамандардың айтуынша, Алматыда жер сілкінісі әлсіз сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет тіркелген жоқ.