×

«Көлігіне жарылғыш қойған»: Мәскеуде Ресей әскерінің генералын өлтіріп кетті

«Көлігіне жарылғыш қойған»: Мәскеуде Ресей әскерінің генералын өлтіріп кетті
t.me/sledcom_press

Мәскеудегі бір үйдің ауласында көлік жарылды. Көліктің ішінде болған Ресей Қарулы Күштерінің Бас штабының басшысы қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жергілікті БАҚ мәліметіне қарағанда, жарылыс 22 желтоқсан күні таңертең Ясенев көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, Kia Sorento көлігін жүргізуші мінген соң, бірнеше метр жүріп барып жарылған. Жарылыстан кем дегенде жеті көлік шынысы сынып, зақымданған.

Ресейдің Тергеу комитеті әскери қызметкердің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу нұсқасы бойынша, жарылған көліктің астына орнатылған жарылғыш құрылғы қашықтан іске қосылған.

«Алған жарақаттарынан Ресей Қарулы Күштерінің Бас штабының шұғыл даярлық басқармасының басшысы, генерал-лейтенант Фанил Сарваров қаза тапты», — деп хабарлады тергеу комитеті.

Тергеушілер Сарваровтың өлімі жайлы істің мән-жайын анықтап жатыр. Қылмысты Украинаның арнайы қызметкерлері ұйымдастыруы мүмкін деген болжам бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →