×

ҚазТАГ редакциясының бас редакторын полиция ұстады

Оқиға туралы «ҚазТАГ» агенттігінің бас директоры Әсет Матаев та хабар таратты

ҚазТАГ редакциясының бас редакторын полиция ұстады

23 желтоқсанда ҚазТАГ редакциясының бас редакторын полиция ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы оның адвокаттары хабарлады. Кешкі сағат жеті шамасында Әмір Қасеновты Астанадағы Есіл аудандық полиция басқармасына тергеу әрекеттеріне шақырған.

Оқиға туралы «ҚазТАГ» агенттігінің бас директоры Әсет Матаев та хабар таратты.

«ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновті кешкі сағат 19:00-де Астанадағы Есіл аудандық полиция басқармасына тергеуге шақырған еді. Егер Қазақстанда әділдік бар болса, Әмірге тағылған айыптардың бәрі алынып, ол бостандықта жүруі керек», – деп жазды Матаев

Желтоқсан айының басында полицияның «ҚазТАГ» басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғаған еді. Тергеу аясында агенттіктің бас директоры Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасенов күдікке ілінді. Қылмыстық іс миллиардер Тимур Турловпен байланысты Freedom Finance компаниясының арызынан кейін қозғалып отыр. 
Айта кетейік, бұған дейін «Орда»  редакциясының директоры ауысқаны  жайлы жазған едік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →