×

Астанада бұрын сотталған экс-басшы жетімдер мен көпбалалы отбасыларға арналған үйлерді иемденбек болған

Астанада бұрын сотталған экс-басшы жетімдер мен көпбалалы отбасыларға арналған үйлерді иемденбек болған
freepik

Астанада көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұрғын үйлерді заңсыз иемдену әрекеті бойынша тергеу басталды. Істі Қаржылық мониторинг агенттігі Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу нысанында бұрын сотталған «Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің экс-төрағасы бар. Ол пайшылардың қаражатын ірі көлемде жымқырғаны үшін сегіз жылға сотталған. Кейін бұл кооперативтің үйлері бюджет қаражаты есебінен аяқталып, пәтерлердің бір бөлігі әлеуметтік осал топтарға бөлінген.

Агенттік мәліметінше, түрмеден босап шыққаннан кейін экс-басшы жаңа заңсыз схема ойлап тапқан. Ол жалған құжаттарды «кері күнмен» рәсімдеу арқылы пәтерлерді иемденуді көздеген. Нәтижесінде 80-нен астам жалған үлескер жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйым арқылы 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған. Тергеу дерегінше, пәтерлер тегін алынғаннан кейін оларды үшінші тұлғаларға сату жоспарланған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері жалпы құны 2,3 млрд теңгеге бағаланатын пәтерлерді заңсыз иемдену әрекетінің алдын алды. Күдіктілер қамауға алынды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →