×

Тасжүрек аяз ата мен ақшақар: Өскеменде балалар үйіне ақша төлеп шақырған аниматорлар келмеді

Тасжүрек аяз ата мен ақшақар: Өскеменде балалар үйіне ақша төлеп шақырған аниматорлар келмеді

Әлеуметтік желіде балалар үйіне аяз ата мен ақшақар ретінде аниматорларды шақырған әйелдің бейнежазбасы тарап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бейнежазбадағы Әсел есімді әйел балаларға қуаныш сыйлауды жоспарлаған. Ол сағат 11:00-де аяз ата мен ақшақарды шақырған. 

Алайда олар әуелі «кешігіп жатқандарын» айтып, уақытты созып, сол күйі балалар үйінің табалдырығын аттап баспаған.

«Мен шақырған адамдарыма жаздым. Олар кешігіп келе жатқандарын айтты. Содан мен бір сағат 15 минут бойы балалардың көңілін өзім көтердім. Бір уақытта мүлде жауап бермей қойды», – деп, көзіне жас алды оқиғаны баяндаған әйел. 

Ақыры аниматорлар сол күйі келмеген. Әйел өзі аяз атаның киімін, ал досы ақшақардың киімін киіп, балаларды өздері құттықтаған. Балалар оларға өлеңдерін оқып, ән айтып берген.

«Мен балалар үйі екенін оларға ескертіп айттым. Адамдардың жүрегі жоқ па?!» – деп ашынды әйел.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →