×

Теміртауда автобуста 18 жастағы жігітті пышақтап кетті

Екі жолаушы терезеге бола дауласып қалды

Теміртауда автобуста 18 жастағы жігітті пышақтап кетті
Фото: PA Images/ТАСС

Теміртауда автобуста 18 жастағы жігітті пышақтап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

№107 автобуста 18 жастағы жігіт пен 30 жастағы жолаушы терезеге бола дауласып қалды. Бірі терезені ашпақ болғанда, екіншісі қарсы болған. Даудың арты төбелеске ұласып, ер адам жігіттің аяғына пышақ сұғып алды.

Жарақат алған адамның аяғынан қан ағып, автобустың іші қан-жоса болды. Жүргізуші автобусты тоқтатып, оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырылды.

Дәрігерлер келгенге дейін жолаушылар жігіттің аяғын орамалмен байлаған. Жедел жәрдем бригадасы келіп алғашқы көмек көрсетті.

Келген полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →