×

Алматыда пәтер өртеніп, бір адам құтқарылды

Көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шыққан

Алматыда пәтер өртеніп, бір адам құтқарылды
ТЖМ

4 қаңтар күні Алматы қаласындағы Самал ықшамауданында көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 12 қабатты үйдің екінші қабатында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өрт туралы хабар түсе салысымен, оқиға орнына ТЖМ-нің жедел бөлімшелері жіберілген. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді.

Мамандардың айтуынша, дер кезінде жасалған шаралар оттың көршілес пәтерлер мен жоғары қабаттарға таралуына жол бермеген.

Өрт сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері пәтер ішінде болған ер адамды аман-есен сыртқа алып шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, оған медициналық көмек қажет болмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе қыс мезгілінде электр құрылғыларын шамадан тыс қолдану мен жылыту құралдарын бақылаусыз қалдыру өрт қаупін арттыратыны ескертілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада жоғалған екі бала көл жағасынан табылды
Кеше, 11:31

Астанада жоғалған екі бала көл жағасынан табылды

ТЖМ құтқарушылары жоғалған балаларды тапты
Компания жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейс мәртебесін ресми сайттан тексеруге кеңес береді
Ол екі күннен кейін табылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →