×

Алматы облысында екі үйір жылқыны атып, етін сойып алып кеткен

Қылмыстық іс әлі қозғалмаған

Алматы облысында екі үйір жылқыны атып, етін сойып алып кеткен
Видеодан скриншоттар

Қылмыстық оқиға 2026 жылдың 4 қаңтарында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ақши ауылында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz

Жануар иелерінің айтуынша, белгісіз адамдар тас жолдың бойында жайылып жүрген 43 бас жылқыға оқ атып, 4 жылқының етін сойып алып кеткен

Шаруашылық иелері сол күні құзырлы органдарға хабарлап, арнайы мамандар оқиға орнын тексеріп, қажетті тергеу шараларын жүргізген. Алайда қазіргі уақытқа дейін қылмыстық іс әлі қозғалмаған.

Qaz365.kz  редакциясы аталған іс бойынша Алматы облысы полиция департаментіне хабарласуға тырысты. Өкінішке қарай жауап ала алмады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →