×

Алматы облысында жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты
Алматы облысында жол апатынан үндістандық студенттер қаза таптывидеодан кадр

Алматы облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан шетелдік студенттер көз жұмды. Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшілігі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Апат 6 қаңтар күні Алматы – Бішкек тас жолының 86-шақырымында болған. Көлікте Үндістанның бес азаматы болған, олардың төртеуі – Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің студенттері, біреуі – турист. Олар Шымкенттен Алматыға қарай бағыт алған.

Елшілік мәліметінше, жол апаты кезінде екі адам оқиға орнында қаза тапқан. Тағы үш азамат ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр.

«Қаза тапқандардың отбасыларына терең көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», – делінген елшілік хабарламасында.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. Алдын ала дерек бойынша, 33 жастағы Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Жүргізуші оқиға орнында қайтыс болған. Кейінірек Үндістанның тағы екі азаматы ауруханада көз жұмғаны хабарланды.

Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →