×

Белгілі қазақстандық актер Мұрат Бисембин өмірден өтті

Белгілі қазақстандық актер Мұрат Бисембин өмірден өтті
instagram.com/murat_bissenbin

54 жасында белгілі қазақстандық актер, «Рэкетир» фильміндегі басты рөлімен көпшілікке танылған Мұрат Бисембин дүниеден өтті. Қаралы хабарды актердің қызы Диана жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Актер желтоқсан айының соңында инсультпен шұғыл түрде ауруханаға түскен. Туыстарының айтуынша, оның жағдайы тұрақсыз болған, денсаулығы бірде жақсарып, бірде күрт нашарлап отырған. Соңғы бір жарым жылда Мұрат Бисембин ауруханадан шықпай ем қабылдаған.

Бұған дейін әріптестері актердің бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық дертпен күрескенін хабарлаған еді. 2024 жылдың күзінде нақты диагноз белгілі болып, соған байланысты ол барлық шығармашылық жобалардан бас тартып, түсірілімдерді тоқтатуға мәжбүр болған.

Qaz365.kz редакциясы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →