×

Атырауда мәйіттері табылған ерлі-зайыптыны халық ақтық сапарға шығарып салды

Атырауда мәйіттері табылған ерлі-зайыптыны халық ақтық сапарға шығарып салды

Атырауда мәйіттері сарайдан табылған ерлі-зайыпты жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақтық сапарға шығарып салушылардың қарасы көп болды. Айта кетейік, 2025 жылы қарашада жоғалған отбасының ата-анасы өлі күйінде табылып, қызы мен ұлынан әлі күнге хабар жоқ. Ақпараттарға сәйкес әулеттің қызы соңғы рет Индер ауданындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Белгілі болғандай, ол күйеуімен бірге Өзбекстанға кетіп қалған. Алайда бұл ақпарат әлі нақтыланған жоқ. 

Алдын ала мәлімет бойынша, негізгі күдікті 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев. Қаза тапқан Қарабалиндер әулетінің күйеу баласы. Әртүрлі деректерге сүйенсек, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев қазір Индонезия аумағында, нақтырақ айтқанда Бали аралында болуы мүмкін. Сондай-ақ ол жоғалғандардың біріне тиесілі банк картасын пайдаланып жүргені туралы ақпарат бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →