×

Атырау облысындағы ерлі-зайыптының қазасына күдікті ретінде 29 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр

Атырау облысындағы ерлі-зайыптының қазасына күдікті ретінде 29 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр
Коллаж SMARTNEWS.KZ

Атырау облысының Жангелді ауылында ерлі-зайыптының қаза болуына байланысты 29 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны күдікті ретінде іздеуге алынды. Атырау облысының полиция департаменті осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform-ге сілтеме жасап.

Полиция аталған қылмысқа басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны да тексеріп жатыр.

25 желтоқсан күні Атырау қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, бауыры мен оның отбасы бір айдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткенін мәлімдеген. Кейіннен отбасы мүшелерінің мәйіттері шаруашылық құрылыстан табылған. Марқұмдарды жерлеу рәсімі бейсенбі күні өтті. Бұған дейін полиция тағы екі отбасы мүшесін іздестіру жалғасып жатқанын хабарлаған болатын.

Тергеу барысында қаза тапқан зейнет жасындағы ерлі-зайыптылардың қызы мен күйеу баласы алдымен Өзбекстанға, кейін басқа мемлекетке кеткені анықталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →