×

Айзат Жұманованың өлімі: әйелін азаптап өлтірген Айбар Жанболатқа үкім шықты

Айзат Жұманованың өлімі: әйелін азаптап өлтірген Айбар Жанболатқа үкім шықты

Жетісу облысында сот Айбар Жанболатты жұбайы Айзат Жұманованы қасақана өлтіргені үшін 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қылмыстық іс әуелде денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша тіркелген. Алайда сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін іс «Адам өлтіру» бабы бойынша қайта сараланды. Мемлекеттік айыптаушы айыпталушыға 15 жыл жаза тағайындауды сұрағанымен, сот 14 жылдық үкім шығарды.

Тергеу деректеріне сүйенсек, оқиға 21 маусымнан 22 маусымға қараған түні болған. Айыпталушы әйелін үй ауласына шығарып, соққыға жыққан. Жәбірленуші тоқтатуды өтінгеніне қарамастан, ер адам ұрып-соғуын жалғастырған. Әйел есінен танып қалғаннан кейін де соққы жасалғаны анықталған.

Іс материалдарында қылмыс жасалған сәтте сотталушының алкогольдік масаң күйде болғаны көрсетілген.

Айзат Жұманованың өліміне кінәлі деп танылған сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Сонымен қатар сот жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиян үшін 20 миллион теңге өндіріп алуды міндеттеді.

Еске сала кетсек,  Qaz365.kz редакциясы негізгі сот отырысы жайлы жазған болатын. Куәгерлер мен айыпталушының сөздерін материалымыздан оқыңыздар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →