×

Астанада ер адам жылы аялдаманың әйнегін сындырды

Оқиға орнынан бой тасалаған

Астанада ер адам жылы аялдаманың әйнегін сындырды
Видеодан кадр

Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері қалалық инфрақұрылымға зиян келтіру дерегін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгісіз адам Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде орналасқан жылы аялдаманың есігінің әйнегі сындырып кеткен.

Тексеру барысында екі ер адамның арасында жанжал болғаны белгілі болды. Олардың бірі аялдамадан шығып, бөтелкені алып, есіктің әйнегін әдейі ұрып сындырғаннан кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы – «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, келтірілген материалдық шығын заңнамада белгіленген тәртіппен өтелетін болады.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға және кез келген құқыққа қарсы әрекет заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескеруге шақырады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →