×

Қарағанды облысында 50 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кетті

Қарағанды облысында 50 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кетті
shutterstock

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жол жиегіне шығып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жол-көлік оқиғасы 12 қаңтар күні Шахтинск қаласынан шыға берісте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, боран мен көктайғақ салдарынан автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен.

Автобус салонында шамамен 50 жолаушы болған. Абырой болғанда, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.

Полиция өңірде ауа райының күрт нашарлағанын еске салып, жүргізушілерді барынша сақ болуға және мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →