×

Түркістан облысында анасы мен екі баласы газға уланып қаза тапты

Түркістан облысында анасы мен екі баласы газға уланып қаза тапты
istock

Түркістан облысында көмірқышқыл газынан улану салдарынан 37 жастағы әйел мен оның екі кәмелетке толмаған ұлы қаза тапты. Тағы бір бала аман қалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 31-арнаға сілтеме жасап.

Оқиға Шұбарсу ауылындағы жеке тұрғын үйде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел түн бойы пеш жаққан. Таңертең әріптестері онымен байланыса алмаған соң, көршілеріне хабар берген. Үйдің есігі бұзылып ашылған кезде, ішінен әйел мен екі баланың мәйіті табылған. Ал жетінші сыныпта оқитын үлкен ұлы тірі қалып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Марқұмның балабақша тәрбиешісі болып жұмыс істегені белгілі болды. Көршілер пештің ақауы бар екенін бұған дейін бірнеше рет айтқанымен, мәселе шешілмеген. Аудан әкімінің орынбасарының айтуынша, отбасы 2025 жылғы желтоқсанда арнайы тексеруден өтіп, пешпен жылытуға байланысты қауіптер жөнінде ескертілген.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдайға түтін мұржасының уақтылы тазаланбауы себеп болған. Соның салдарынан үй ішінде көмірқышқыл газы жиналған.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →