×

Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге дронмен шабуыл жасалды – Reuters

Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге дронмен шабуыл жасалды – Reuters
depositphotos

Қазақстан мұнайын тасымалдауға арналған екі мұнай танкеріне Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалы маңында ұшқышсыз аппараттармен шабуыл жасалған. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпаратқа сәйкес, шабуылға ұшыраған танкерлер грек компанияларының басқаруында болған. Оның бірі – Delta Harmony кемесі, ол Delta Tankers компаниясына тиесілі және «Теңізшевройл» консорциумы өндірген мұнайды тиеуі тиіс болған. Екінші танкер – Matilda, оны Thenamaris компаниясы басқарады, ал кеме Қарашығанақ кен орнынан өндірілген мұнайды тиеуге дайындалып тұрған.

Thenamaris компаниясының өкілі Matilda танкеріне екі дрон тигенін растады. Кеме КҚК терминалынан шамамен 30 миль қашықтықта, жүксіз күйде тұрған. Компания мәліметінше, шабуыл салдарынан зардап шеккендер жоқ, палубалық құрылымдар аздап зақымданған. Алдын ала бағалауға сәйкес, кемені толық жөндеуге болады, ол жүзуге жарамды күйде аймақтан шығып кеткен.

Ал Delta Tankers компаниясы Reuters агенттігінің сауалына жедел түсініктеме бермеген. Теңіз қауіпсіздігі саласындағы екі дереккөздің айтуынша, шабуылдан кейін танкер бортында өрт шыққан болуы мүмкін, алайда ол тез арада сөндірілген.

Каспий құбыр консорциумы шабуылға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Айта кетейік, КҚК мұнай құбыры Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызын Ресей аумағы арқылы Қара теңіздегі Новороссийск маңында орналасқан «Оңтүстік Озереевка» терминалына жеткізеді.

Энергетика министрлігінің түсіндірмесі

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі қазіргі уақытта КҚК терминалында ВПУ-1 теңіздегі алыстатылған айлақ құрылғысы арқылы мұнай жөнелтіліп жатыр.

«Технологиялық процесс қалыпты режимде жүріп жатыр, тек акваториядағы ауа райы жағдайына байланысты кейбір түзетулер енгізілді», – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство өкілдері жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және консорциумдағы серіктестермен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →