×

Жезқазғанда театр ғимараты өртенді

Жезқазғанда театр ғимараты өртенді
Видеодан кадр

Ұлытау облысында Серке Қожамқұлов атындағы театр ғимаратында өрт шықты. Ұлытау облысының Төтенше жағлайлар департаменті қысқа мерзімде тілсіз жауды ауыздықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство мәліметінше, 112 қызмет пультіне Жезқазған қаласындағы Сәтпаев көшесінде орналасқан театр ғимаратының жертөлесінде өрт шыққаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде жертөледен қалың түтін шыққаны анықталған.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары жедел түрде барлау жұмыстарын жүргізіп, өртті сөндіруге кіріскен. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан 12 адам өздігінен эвакуацияланған.

Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде сахналық материалдың жануы қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →