Шымкентте пышақ жарақатынан көз жұмған Нұрай Серікбайдың соңғы кадрлары желіде тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
11 қаңтар кешкі уақытта Нұрай Серікбайдың танысымен бірге кетіп бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан екеуінің жанжалдасып бара жатқаны анық көрінеді.
Еске салайық, Нұрай Серікбай 11 қаңтар күні Шымкентте, демалысқа келген кезінде үйінің маңында көптеген пышақ жарақатынан көз жұмған. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмысты тергеу үшін тәжірибелі қызметкерлерден құралған арнайы тергеу-жедел тобы құрылған. Қылмыстық істің тергелу барысы министрліктің бақылауында.
Ведомство тергеу аясында барлық дерек жан-жақты тексеріліп жатқанын, оның ішінде бейнебақылау камераларындағы жазбалар да мұқият зерделеніп жатқанын атап өтті.
Бұған дейін марқұмның күдіктімен таныс болғаны белгілі болды. Ол Нұрайға үйленуге ұсыныс жасап, бас тартқаннан кейін қызды еркінен тыс алып кеткен. Кейін ата-анасы қызын үйіне қайтарғанымен, күдікті оны аңдып, телефон арқылы қоқан-лоқы көрсеткен. Осыған байланысты қыздың ата-анасы полицияға арыз жазған, алайда сол кезде қылмыстық іс қозғалмағаны айтылған.
Еске сала кетсек, Qaz365.kz редакциясы марқұмның ағасынан сұхбат алған болатын.