×

Қарағанды облысында полиция жоғалған азаматтарды іздеп тапты

Қол жетуі қиын аумақтарды барлау мақсатында ТЖД тікұшағы қолданылды

Қарағанды облысында полиция жоғалған азаматтарды іздеп тапты
Polisia.kz

17 қаңтар күні сағат 11:45-те полицияның кезекші бөліміне Абай ауданы Юбилейное ауылдық округінде екі адамның із-түзсіз жоғалғаны жөнінде хабарлама түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz  Polisia.kz.сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 қаңтар күні кешкі уақытта олар Toyota Land Cruiser автокөлігімен Қварц қыстауынан Айда қыстауы бағытына мал іздеуге шығып, кейін байланысқа шықпаған.

Іздеу жұмыстары барысында жоғалған азаматтардың туыстары Айда қыстауының маңынан автокөлікті тапқанымен, салонда адамдар болмаған. Осыдан кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды.

Іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары тартылып, қол жетуі қиын аумақтарды барлау мақсатында ТЖД тікұшағы қолданылды. Сондай-ақ еріктілер тобы жұмылдырылды.

Бірлескен іздестіру шараларының нәтижесінде 39 және 68 жастағы азаматтарды полиция қызметкерлер аман-есен тапты. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Теңіз кен орнында трансформатор өртенді
Бүгін, 14:46

Теңіз кен орнында трансформатор өртенді

Барлық қызметкерлер оқиға орнынан эвакуацияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →